Иран Pars Khodro зауытында ресейлік Lada көліктерін құрастыруға дайындалып жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, көліктер Pars Khodro зауытында Ресейден жеткізілетін көлік жиынтықтарынан құрастырылады. Бұл дайын көліктерді тікелей импорттаудан арзанырақ болады.
Pars Khodro Lada маркасын Иран нарығында ілгерілетуде үлкен рөл атқарады. Ал Nika Motor дистрибьюторлық компаниясы ресейлік тараппен келісімге келгенше жобаға қатысуын азайтады. Мұндай жаңа тәсіл Иранға ресейлік көліктерді жеткізуді жеделдетіп, логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Екі жылдан астам уақыттан бері Lada автокөліктерін Иран нарығына шығару жобасы туралы мәлімет пайда болған еді. Сол кезде Иранда ресейлік машина жиынтықтарынан шағын торапты құрастыру жолға қойылатыны хабарланды.
Сонымен қатар, 2025 жылдың көктемінде “АвтоВАЗ” компаниясының басшысы Максим Соколов Иранда Lada дилерлік орталығын ашу жоспары бар екенін мәлімдеді.
















