Рим папасы Франциск Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыстың шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді.
Рим папасы сөзінде терроризм мен соғыстар ешқандай жақсылықтар әкелмейтінін және салдары тек адамдардың қазасы екендігін атап өтті.
Понтификтің айтуынша, мұндай қақтығыстардағы адам шығыны көптеген адамдардың азабы.
«Мен Израильде болып жатқан оқиғаларды қатты күйзеліспен қабылдаймын. Оқиға салдарынан жүздеген адам қаза тауып, жараланды. Мен құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Бірнеше сағат бойы қорқыныш пен мазасыздықты бастан өткергендердің бәріне дұға етемін»,-деді Рим папасы дәстүрлі жексенбілік уағыз кезінде.
Сондай-ақ «Соғыс-жеңіліс, әр соғыс-жеңіліс», — деді понтифик уағызға қатысқандарға арналған сөзінде.
Сонымен қатар Франциск уағызға қатысушылардың барлығын Израиль мен Палестинадағы бейбітшілік үшін дұға етуге шақырды.



















