Рим Папасы Лев XIV Ресей мен Украина соғысы және Таяу Шығыстағы оқиғаларға тоқталып, қайта қарулануды сынға алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ватикан жариялаған мәлімдемеде айтылған.
Рим Папасы: “Украина, Газа секторындағы қайғылы және адамгершілікке жатпайтын жағдай мен Таяу Шығыс туралы ойлаған кезде жүрегіміз сыздайды.
Халықаралық және гуманитарлық құқықтың күші енді міндетті болып көрінбей, керісінше басқаларды күшпен бағындыру құқығымен ауыстырылып жатқаны қынжылтады. Бұл адамзат пен ұлт басшылары үшін ұят”,- деді.
Рим Папасы Лев XIV сөзінің жалғасында қоғамдық келісімсіз және ортақ игілікке негізделген тұтас көзқарассыз болашақтың негізін қалай қалауға болатынына тоқталып: “Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан соғыс қимылдары бейбітшілік әкелетініне және бұл әрекеттер оны жасағандарға қайта оралмайтынына қалай сенуге болады?
Мәселелерді шешуде өшпенділік пен кек алуды тудыратынын елемей қайта қарулануды насихаттау арқылы халықтардың бейбітшілікке деген ұмтылысына қалай опасыздық жасаймыз?”,- деді.



















