Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Иранға қарсы жасалған әскери агрессия жазасыз қалмайтынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков сионистік режим мен АҚШ-ның Иран Ислам Республикасына қарсы әскери басқыншылығын айыптап: “Бұл қылмысты жасағандар оның жазасыз қалмайтынын білуі керек” деді.
Рябков бұл туралы сейсенбі, 1 шілде күні сионистік режиммен 12 күнге созылған қақтығыста қаза тапқандарға құрмет білдіргеннен кейін айтты.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Ислам Республикасының Мәскеудегі Елшілігінде қаза тапқандардың рухына тағзым ету мақсатында ашылған Көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Сергей Рябков Мәскеудегі Иран Ислам Республикасының Елшісі Казем Джалали, бірқатар елдің елшілері, дипломаттар, әскери атташелер мен Ресейдің шенеуніктері қатысқан шарада Ресейдің өз ұстанымын білдіргенін айтып: “Біз ешкімге қауіп төндірмей, бейбіт өмір сүріп жатқан Иран халқының қыздары мен ұлдары, әскери басшылары, ғалымдары мен бейбіт тұрғындарының өліміне соқтырған агрессивті және айуандық әрекетті айыптаймыз”,- деді.



















