Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бүгін, желтоқсанның 5 күні «Дордой» базарындағы саудагерлермен кездесуге келді.
КР Мемлекет басшысы саудагерлермен кездесуде сауда саласындағы патент жүйесі бойынша жұмыс 2024 жылдың шілдесіне дейін ұзартылатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар кездесуге Бішкек қаласының әкімі Айбек Жүнушалиев те келді.
Айта кетейік, Қырғызстанда саудагерлер 29 қарашадан бері ел бойынша митингтер өткізіп, салық саясатына шағымданып, бақылау-кассалық аппараттарын енгізуден бас тартуды талап етіп келеді.












Discussion about this post