Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қырғыз Республикасы Президентінің ресми сайтының хабарлауы бойынша бүгін, 31 тамызда Ош қаласында Сулайман-Тоо баурайындағы Алымбек Датқа атындағы саябақта Қырғыз Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қырғыз Республикасының мемлекеттік туын көтерудің салтанатты рәсімі өтті.
Қырғыз Республикасының Президенті, ел Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Садыр Жапаров өз сөзінде Қырғызстан халқын мерекемен құттықтады.
Садыр Жапаров: «Бүгін, 31 тамыз – Қырғыз Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл мереке барша қырғызстандықтар үшін өте қымбат және маңызды.
Мен ұлы қырғыз халқын оңтүстік астанамыз деп атаған және Сулайман-Тоо тауы мен Ақ-Бура өзенімен әйгілі болған Ұлы Жібек жолының берекелі қаласында тұрып байтақ тарихымен құттықтап тұрғанымды мақтаныш етемін.
Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сары нұрымен бейбітшілік пен береке сепкен қызыл туымыз әрқашан мақтанышпен желбірей берсін. Мерекелік күн қуанышты және шынайы болсын!» — деді.
Қырғыз Республикасының тәуелсіздігі 1991 жылы 31 тамызда жарияланды.
![]()



















