Самарқанд қаласында сәуірдің 3-4 күндері “Орталық Азия – Еуропалық Одақ” бірінші саммитінің іс-шаралары өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша іс-шарада күн тәртібіне сәйкес Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ арасындағы көп қырлы қарым-қатынас пен практикалық өзара іс-қимылды дамыту перспективалары қарастырылады.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен өтетін саммитке Еуропалық кеңес төрағасы Антонио Коста, Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон мен Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қатысады.
«Болашаққа инвестиция» ұранымен өтетін шараға Еуропа қайта құру және даму банкі мен Еуропалық инвестициялық банктің жоғары лауазымды тұлғалары да қатысады.
















