Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Эмад Абшенас Украина бойынша бейбітшілік конференциясын «жеңіліске ұшыраған конференция» деп атады.
Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Эмад Абшенас ISNA агенттігіне берген сұхбатында Батыстың Украинаға Ресей жерін нысанаға алуға көмектесу жөніндегі күш-жігеріне талдау жасап: «Cоңғы кездері Украина соғыс майдандарында көптеген жеңіліске ұшырады. Украина армиясы шегінуге мәжбүр болды»,- деді.
Сарапшының айтуынша, қазіргі жағдайда көптеген украиндық соғысқа қатысқысы келмейді. Бұл жөнінде Эмад Абшенас: «Бұл жерде пікірталас Украинаны қорғау туралы емес, пікірталас АҚШ мүдделерін қорғау туралы болып отыр. Егер мәселе Украинаны қорғау туралы болса, бәрі басқаша болар еді»,- деді.
Ол осы жағдайларға байланысты Батыс елдері Ресейді тактикалық немесе ядролық қаруды қолдануға мәжбүрлеуге тырысып жатқанына тоқталып, мұны Ресейге қарсы халықаралық арандатушылық деп атады.
Эмад Абшенас сөзінің жалғасында Еуропарламент сайлауында оңшылдар жеңіске жеткеніне тоқталып: «Халық сайлауда билеуші партияға қарсы дауыс берді. Бұл Еуропа халқының ұстанымы соғыстың жалғасуына қарсы екенін көрсетеді. Ресей Президенті бейбітшілікті ұсынды, алайда бұл еуропалықтардың қысымымен жүзеге аспады»,- деді.
Сарапшы Швейцариядағы Украина бойынша бейбітшілік конференциясының Ресей шенеуніктері оны «абсурд» деп сипаттағаннан кейін өткенін атап өтті.
Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшының айтуы бойынша, конференцияда соғыстың аяқталуы және болашақ бейбітшілік орнату сияқты негізгі мәселелер талқыланбайтыны алдын ала белгілі болған. Шарада Украина ядролық және азық-түлік қауіпсіздігін қайта қарауға шақырды. Зеленскийдің басты мақсаты делегаттардың көпшілігінің келісімін алу болған сияқты, бірақ Ресей бұл кездесуге қатыспағандықтан, қандай шешім қабылданса да, бұл Мәскеуді қызықтырмайтыны сөзсіз.
Абшенас Швейцарияда өткен Украина бойынша бейбітшілік конференциясы жеңіліске ұшыраған конференция болғанын атады. Сарапшының пікірінше, конференцияға барлық тарап қатыспағандықтан, конференцияны өткізудің еш мағынасы жоқ. Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы соғысты бастаған елдер өздері конференция өткізгенін баса айтты.
Сарапшы: «Зеленскийдің президенттігі аяқталып, сайлау өткізілмегендіктен, конференцияда Украина туралы ешкім айтпағаны байқалды»,- деді.



















