Eurasiatoday
Воскресенье, 22 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Сарапшылар: Украинада қазір Президенттік сайлау өткізу қауіпті

  • Сараптама
  • 28 сентября, 2023 15:07

Loading

Сарапшылар байламынша, Киев президенттік доданы соғыс біткенше қоя тұруды қалайды, ал Батыс елдері өткізгенін қалап отыр.

Украинада алдағы жылы ел президенті сайлануға тиіс. Ұлттық сайлау заңнамасына сәйкес, Украина Президентінің кезекті сайлауы ағымдағы президенттік мерзімнің бесінші жылында, наурыз айының соңғы жексенбісінде өтуі шарт. Яғни, 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалуы керек.

Әйтсе де, Киев әзірге сайлау күнін ресми жарияламақ түгіл, оны өткізу не өткізбеу мәселесінде толыққанды айқындалмапты.

Тақырыпқа орай:

Трамп АҚШ президенті болып үшінші мерзімге сайлана алмайды

Трамп АҚШ президенті болып үшінші мерзімге сайлана алмайды

24.10.2026

Сарапшылар Владимир Зеленский сайлауды болдырмай билікті ұстап тұру үшін бәрін жасайтынын жоққа шығарған жоқ.

The Washington Post Украина үшін соғыс уақытында сайлау өткізудің қауіпті екенін дәледейтін бірнеше дәйектемені келтірген.

Біріншіден, Украина Конституциясы әскери жағдай күшінде тұрғанда сайлау өткізуге тыйым салады. Бірақ Украина көшбасшысы Владимир Зеленский биылғы тамызда елдегі әскери жағдай мен мобилизацияны 2023 жылғы 15 қарашаға дейін ұзартатын заңға қол қойды. Ол осылай, 90 күнге ұзартылып отырады.

Ақырында 2024 жылғы наурыз қамтыла ма, ол жағы белгісіз. Егер Батыстың қысымымен, сайлау өткізу үшін әскери жағдайды алып тастаса, не уақытша күшін тоқтатса, онда шекаралар ашылады да, еркектердің соғысқа барғысы келмейтін бөлігі шетелге қашуы мүмкін.

Екіншіден, соғыс өрті өршіп тұрған шақта еркін әрі әділ сайлау өткізу ұйымдастырушылық, техникалық және басқа тұрғыдан мүмкін емес. Украинаның ресми тұлғалары соғыс уақытында дауыс беруді ұйымдастыру үшін орасан зор қаржы тапшылығын, құқықтық, логистикалық, өзге кедергілерді еңсеруге тура келетінін алға тартқан.

Он миллион украиналық босқын болып, шетелге кетті. Көбісінің әлі күнге паспорты да жоқ. Олар дауыс бере алмай қалуы мүмкін. Ресей өзінде украиналық сайлау учаскелерін ашуға жол бермейді.

Үшіншіден, жүздеген мың украиналық майдан даласында соғысуда. Армияға жігіт алу жалғасты. Олар үшін бастысы – дауыс беру емес, жауған оқ пен зымырандардан аман қалу.

Төртіншіден, хакерлер мен «троллдер фабрикаларының» қызметін халықаралық деңгейде өрістетіп, Американың президенттік сайлауына дейін ықпал ете алған Мәскеу Украинадағы президенттік сайлауға да араласады.

Бесіншіден, халық Ресей әскері Украинада қанды қырғын ұйымдастырып жатқанда сайлаудың өткізілуіне қарсы. Әлеуметтік зерттеу көрсеткендей, украиналықтардың 76%-ы Президент сайлауы соғыс аяқталған соң болғанын қалайды. Олар үшін сайлау – күн тәртібінде бірінші кезекте тұрған проблема емес.

Украина халқы үшін бүгінде ең бастысы – аман қалу, созылып кеткен соғыс жағдайында қалыпты өмірді қалпына келтіруге тырысу. Олар елде тек экономикалық, сот, әскери және саяси реформалар өткізілуіне мүдделі. Өйткені соғысқа дейінгі бейбіт заманда оған украиналық саясатта берік орнығып алған кремлшіл күштер барынша тосқауыл қойып келді.

Халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, бұл іс-шараны Кремлдегілер қансыраған, қалжыраған украиналық қоғамның арасын алатайдай бүлдідіріп, бірліктен айырып, Киев билігіне қарсы көтеру үшін пайдаланары даусыз.

Қазірдің өзінде Зеленскийдің қарсыластары оның әр қадамын аяусыз сынап, соғыстың басталуына, оның басында және барысында тым көп украиналықтардың қырылып қалуына соның «бейғамдығын», армияны күшейтуге бей-жай қарағанын айыптайды.

Америкалық сарапшы Дэвид Л.Стерннің (David L.Stern) пікірінше, соғыс украиналық истэблишмент пен қоғамды саяси тайталас атаулыны қоя тұрып, тұтасуға итермеледі. Алайда кез келген демократиялық қоғамда электоралдық кезең міндетті түрде талас-тартыс көрігін қыздырады. Бұл – соғыс кезеңінде алапат сын-қатер. Ол жеңіс үшін сонша қажетті ауызбіршілікті талқандауға қауқарлы.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың пікірі де осындай. Оның айтуынша, соғыс кезінде сайлау өткізу Украинаның майданда жеңілуіне соқтырады. Себебі, биліктегілер де, қоғам да бірнеше ай бойы армияны ұмытып, саяси текетіреспен елігіп кетеді. Тимошенко бірлікті – жеңіс үшін өмірлік маңызды, тез жаңғырмайтын ресурс деп атады. Ол ресурсты рәсуалауға, жоғалтып алуға болмайды.

Ал сайлау – онсыз да қыл үстінде тұрған украиналық мемлекеттілік пен тәуелсіздікті күйретуге ықпал етуі ықтимал.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: Владимир ЗеленскийКиевпрезиденттік сайлауУкраина
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Трамп АҚШ президенті болып үшінші мерзімге сайлана алмайды

Трамп АҚШ президенті болып үшінші мерзімге сайлана алмайды

24.10.2026
Трамп Киевті президент сайлауын өткізуге мәжбүрлей алмайды

Трамп Киевті президент сайлауын өткізуге мәжбүрлей алмайды

17.10.2026
Трамп: Украинаға берілген америкалық зымырандар ашық нарықта қайта сатылған

Трамп: Украинаға берілген америкалық зымырандар ашық нарықта қайта сатылған

16.10.2026
Трамптың қадамы: Ресей дизеліне санкция жеңілдетіліп, Киевке қысым жасалуда

Трамптың қадамы: Ресей дизеліне санкция жеңілдетіліп, Киевке қысым жасалуда

12.10.2026
Казем Джалали: Украина «Ана» кемесіне келтірілген шығынды өтеуі тиіс

Казем Джалали: Украина «Ана» кемесіне келтірілген шығынды өтеуі тиіс

21.08.2026
Иран: Украина келтірілген шығынды өтемесе, тиісті шара қолданылады

Иран: Украина келтірілген шығынды өтемесе, тиісті шара қолданылады

11.08.2026
Иран СІМ: Украинаның Каспий теңізіндегі кемеге жасаған шабуылы — қасақана әрекет

Иран СІМ: Украинаның Каспий теңізіндегі кемеге жасаған шабуылы — қасақана әрекет

03.08.2026
Иран кемесіне жасалған шабуыл НАТО-ның антиирандық стратегиясының бір бөлігі

Иран кемесіне жасалған шабуыл НАТО-ның антиирандық стратегиясының бір бөлігі

31.07.2026
Тегеран мен Киев арасындағы дипломатиялық шиеленіс күшейді

Тегеран мен Киев арасындағы дипломатиялық шиеленіс күшейді

27.07.2026

Басты жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
«Таулы Қарабақ Республикасы» жойылады

«Таулы Қарабақ Республикасы» жойылады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.