Сауд Арабиясы әлемдегі ең жылдам, ең ұзын және ең биік роликті салуды жоспарлап отыр. Falcon’s Flight деп аталатын жаңа аттракционды 2024 жылдың қазан айына дейін салу жоспарланған.
Әлемдегі ең жылдам, ең ұзын және ең биік ролик Six Flags Qiddiya ойын-сауық саябағында орналасады.
Сауд Арабиясы жоспарлап отырған Falcon’s Flight ролигінің максималды жылдамдығы 251 км/сағ. Ал ұзындығы 4,3 км және биіктігі 160 м болады деп жоспарлануда.
Falcon’s Flight ролигі Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласының Ferrari World саябағында орналасқан Formula Rossa роликтеріне тиесілі қазіргі әлемдік рекордтан асып түседі.
Formula Rossa ролигінің максималды жылдамдығы шамамен 240 км/сағ.
Туризм — Сауд Арабиясының трансформациялау бағдарламасының басымдықтарының бірі.
Сауд Арабиясы алдағы 10 жыл ішінде туризм саласына 1 трлн доллардан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр.



















