Eurasiatoday
Воскресенье, 22 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Сауд Арабиясында үлкен басқосу өтті

  • ТОП жаңалықтар
  • 13 ноября, 2023 17:07

Loading

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Газадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өтті. Араб мемлекеттері Лигасы мен Ислам одақтастығы Ұйымының саммиттері қатар жиналып, Газадағы ахуалға қатысты бірқатар маңызды мәлімдемелер жасалды.

Қазақстан атынан аталған жиынға ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу барып қатысты.

Сарапшылар: «Иран, Түркия және Саудия басшыларының бірге жиналып, Газадағы қанқасапты талқылауы – Батысқа жасалған үлкен сигнал», — дейді.

Тақырыпқа орай:

Израиль Кнессетінің спикері болып оппозиция өкілі Матан Кахана сайланды

Израиль Кнессетінің спикері болып оппозиция өкілі Матан Кахана сайланды

18.11.2026

Эр-Риядтағы басқосуда жиналғандар не деді?

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған: «Израиль министрі ядролық қарудың бар екенін мойындады. Ендеше оны тексеру керек. Ядролық қару бар болса, тексерілуі тиіс! Өз елін, жерін қорғап жатқан ХАМАС-ты басқыншы санау қателік. Үнемі адам құқығы жайлы айтатын Батыс елдерінің Палестина қырғынына көз жұма қарауы ұят. Израиль Батыстың ерке баласына айналды. Израиль билігі Палестинаға оккупация үшін өтемақы төлеуі тиіс!», — деді.

Иран Президенті Ибраһим Раиси: «Иран барлық Ислам елдері Израильмен сауда қатынасын тоқтатуы керек деген ойда. Біз бұл жерге өз ұлтымыздың атынан келген жоқпыз. Күллі мұсылмандар атынан Палестина халқына қалай көмек қолын соза алатынымызды талқылау үшін жиналдық. Қазір тарихи сәтте тұрмыз. Әл-Ақса мешітін қорғау күні болуда. Әлем бойынша миллиондаған адамның Палестинаны жақтап, акцияларға шығуы әлемнің кімді қолдайтынын көрсетті. Біз Газадағы оқиғаларға Құдай алдында жауап береміз. Үнсіз қалатын сәт емес. Әр ел, әр адам өз позициясын анықтайтын сәт туды. Ал АҚШ Израиль қылмысына қатысушы тарап саналады. Израильдің Газаға шабуылы сұмдық қылмыс. Олар аймақты ұзақ жылдар бойы түрмеге айналдырды, енді қырғын салуда», — деді.

Мысыр Президенті: Абдул-Фаттах Ас-Сиси: «Газа халқына жасалып жатқан қылмысты ақтау мүмкін емес. Аймақты құрсауға алу, күштеп тұрғын үйлерінен қуу, жазықсыз жандардың өлімін көріп отырмыз. Біз дереу арада соғысты тоқтатуды талап етеміз. Соғыстың ауқымы ұлғайса, аймақтың тыныштығына кері әсер етеді. Ұрыс қимылдары тоқтауы тиіс», — деді.

Иордания патшасы Абдолла ибн Хусейн ІІ: «Палестин халқына қарсы әділетсіздік пен қуғын-сүргін 7-ші қазанда басталған жоқ, 70 жыл бұрын басталды. Біз Газадағы қырғынға көз жұмып, үнсіз қарап отыра алмаймыз. Екі ел құру шешімі ғана Палестина халқының қайғысын тоқтатып, аймаққа тыныштық әкеледі. Палестин мәселесі дұрыс, әділетті шешім таппаса, әлем ол үшін үлкен құн төлеуі мүмкін», — деді.

Пәкістан Премьер-министрі Ануар Хақ Қакар: «Израиль Палестинаны оккупациялады. Қазір этникалық сипаттағы қырғын, қуғын-сүргін болып жатыр. Бұл өркениетті дәуірде нағыз сұмдық әрекет саналады. Дереу соғысты тоқтатуға шақырамыз», — деді.

Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим: «Газа халқы геноцидке ұшырауда. Соғыс тоқтатуы тиіс. Дереу арада қырғын тоқтатылсын», — деді.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров: «Бұл қанқасаптан зардап шеккен, отбасы, жақындарынан айырылып, оқ пен оттың ортасында нағыз агрессияны бастан кешіріп жатқан Палестина жұртының қайғысын Қырғыз елі тең бөліседі. Әрбір жоғалған өмір — бұл трагедия. Өз кезегінде Қырғыз Республикасы Газа секторындағы қарапайым халықты қолдау үшін гуманитарлық көмек көрсетуге даярмыз. Біз Палестиналық бауырларымызға сыртқы агрессияны және бейкүнә адамдардың өлімін тоқтатуға қолдау көрсету және гуманитарлық көмек көрсетуді біздің жалпы ортақ міндетіміз деп есептейміз. Газадағы қанқасаптан Палестиналық жұрт азапқа душар болды. Израильдің Газадағы қырғыны, сәбилер мен әйелдердің, бейкүнә адамдардың қазасы Халықаралық деңгейде айыпталуы тиіс! Инфрақұрылымдарға, мектептер мен ауруханаларға соққы жасау — гуманитарлық құқықты бұзу ғана емес, адам құқықтарын да бұзу. Біз Палестинаның өз мемлекетін құру құқығын қолдаймыз! БҰҰ бас хатшылығы Газадағы қырғынды тоқтатуы керек!», — деді.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу: «Біз Палестина халқының өзінің тәуелсіз мемлекетін құру құқығын қолдаймыз! БҰҰ шешімі орындалуы тиіс», — деді.

Израиль Премьер-министрі Бенямин Нетаняху: «Біз Газаны толық қоршауға алдық. Енді онда ХАМАС билігі де болмайды, Палестина азаматтық билігі де болмайды. Олар өз балаларын Израильді жек көруге, израильдіктерді өлтіруге тәрбиелейді. Әлі күнге дейін ХАМАС-тың 7 қазандағы Израильге шабуылын айыптамаған Махмұд Аббас та Газаны басқара алмайды!», — деді.

Махмуд Аббас та Газа секторын бақылауға алуға дайын екенін, бірақ ол үшін соғыс тоқтатылуға тиіс екенін мәлімдеген еді.
Қазір Батыстық тарап (АҚШ пен Еуропа) Газаны басқару үшін Араб елдерінің коалициясы құрылып, Израильмен келісе отырып басқарылуы тиіс деп санайды.
Алайда Израиль билігі Газаны өзі бақылайтынын айтуда.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: Газа секторыИзраильПалестина
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Израиль Кнессетінің спикері болып оппозиция өкілі Матан Кахана сайланды

Израиль Кнессетінің спикері болып оппозиция өкілі Матан Кахана сайланды

18.11.2026
Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

17.11.2026
Израиль Меккеге өзге ел атынан соққы жасау жоспарын дайындаған

Израиль Меккеге өзге ел атынан соққы жасау жоспарын дайындаған

16.11.2026
Гади Айзенкот Биньямин Нетаньяхудың қызметтен дереу кетуін талап етті

Гади Айзенкот Биньямин Нетаньяхудың қызметтен дереу кетуін талап етті

16.11.2026
Түркия Президенті Ердоған Палестина мемлекетін құттықтады

Түркия Президенті Ердоған Палестина мемлекетін құттықтады

16.11.2026
Эрик Трамптың компаниясы Израильге мың робот жеткізуді талқылады

Эрик Трамптың компаниясы Израильге мың робот жеткізуді талқылады

14.11.2026
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жаңа операция туралы мәлімдемелері — психологиялық қысымның бір бөлігі

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жаңа операция туралы мәлімдемелері — психологиялық қысымның бір бөлігі

29.10.2026
Гади Айзенкот Израильдегі Кнессет сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді

Гади Айзенкот Израильдегі Кнессет сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді

28.10.2026
Израильдің басқыншылық саясаты аймақтағы тұрақсыздықтың басты себебі

Израильдің басқыншылық саясаты аймақтағы тұрақсыздықтың басты себебі

24.10.2026

Басты жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Тәжікстан президенті Палестина мемлекетін құруды қолдайтынын мәлімдеді

Тәжікстан президенті Палестина мемлекетін құруды қолдайтынын мәлімдеді

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.