Сербия Өзбекстан Республикасында елшілігін ашуды жоспарлап отыр.
Еуразия Тудей ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша Өзбекстан Көші-қон агенттігінің директоры Мухсинходжа Абдурахмонов Белградта Сербия Республикасының Еңбек, жұмыспен қамту, ардагерлер мен әлеуметтік саясат министрі Милица Стаменковскимен кездесті.
Кездесу барысында Сербияның Өзбекстандағы елшілігін ашу жоспарланып отырғаны хабарланды. Бұл қазіргі уақытта Астана қаласы арқылы жүзеге асырылатын виза рәсімдеу үдерісін өзбекстандықтар үшін едәуір жеңілдетеді.
Айта кетейік, кеше, 8 қыркүйекте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Белградқа жасаған тарихи сапары барысында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша екі ел арасында Стратегиялық серіктестік қарым-қатынас орнату туралы Бірлескен декларацияға қол қойылды.
Еске салайық, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас ресми түрде 1995 жылғы 18 қаңтарда орнатылды. Дегенмен, 30 жылға жуық уақыт бойы байланыс тек формалды сипатқа ие болды.
Ұзақ уақыт бойы екі елде өзара елшіліктер де, тіпті тағайындалған елшілер де болмады. Жағдай 2025 жылдың шілдесінде ғана өзгеріп, Өзбекстан 30 жылда алғаш рет Сербиядағы өзінің төтенше әрі өкілетті (резидент емес) елшісін тағайындады.
Өз кезегінде Сербия енді ғана Ташкентте өзінің толыққанды елшілігін ашуға дайындалып жатыр.












