Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев 23 сәуір күні Самарқанд қаласында жұмыс сапарымен жүрген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастаған делегацияны қабылдады.
Еуразия Тудейдің Өзбекстан Президентінің ресми сайтындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша, әңгімелесу барысында Өзбекстан мен Ресей арасындағы достық, жан-жақты стратегиялық әріптестік және одақтастық қарым-қатынасты жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.
Барлық бағыт бойынша белсенді диалог пен жемісті байланыс қанағаттанарлықпен атап өтілді.
Сонымен қатар, өзара тауар айналымы мен инвестиция көлемінің артып, өңірлер мен жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында кооперация күшейіп, мәдениет, өнер, ғылым, білім, денсаулық сақтау, спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың кеңеюі сөз болды.
Сондай-ақ, тараптар аймақтық және халықаралық маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.



















