Түркия және Италия жақын арада көші-қон саласындағы серіктестікті нығайту туралы келісімге қол қояды.
rayhaber.com агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Италия премьер-министрі Джорджа Мелони мен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның кездесуінде талқыланды.
Кездесу барысында Джорджа Мелони мен Ердоған соңғы уақыттағы аймақтық және жаһандық оқиғаларға, соның ішінде Ресей мен Украина соғысы және Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс мәселесін талқылады.
Сонымен қатар, тараптар екіжақты қарым-қатынасты, атап айтқанда саяси, қорғаныс, экономикалық және мәдени аспектілерге баса назар аударды.
Кездесу барысында Мелони мен Ердоған көші-қон саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесіне тоқталып, күш-жігердің арқасында Италия мен Түркия дәлізіндегі заңсыз көші-қон ағыны өткен жылы 56 пайызға азайғанын атап өтті.
Тараптар осы саладағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетінін қуаттады.
Айта кетейік, сенбі күні, 20 қаңтарда Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Түркияға ресми сапармен барды.



















