Бішкектегі ЖЭС-дағы апатқа байланысты Түркіменстан берген 2000 тонна сұйытылған газ түріндегі 57 вагон цистернадан тұратын гуманитарлық көмек бүгін, 5 ақпан күні таңертең Қырғызстанға келіп жетті.
КР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Қырғыз Республикасының Шопоков темір жол вокзалына жеткен жүкті Қырғыз Республикасының тиісті ведомстволары мен мекемелерінің өкілдері қабылдады.
Қырғыз Республикасы Энергетика министрінің орынбасары А.Абылгазиев жүкті қабылдау барысында Түркіменстан басшылығына көрсетілген көмек үшін алғыс айтты.
Қабылдау рәсіміне Түркіменстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Голиев те қатысты.
Айта кету керек, бұл көмек Түрікменстан Президенті С.Бердымұхамедовтың тапсырмасы бойынша және Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Ж. Кулубаевтың қаңтардың 2 күні Түркіменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Р.Мередовпен келіссөздерінің нәтижесінде жүзеге асты.
Еске салайық, ағымдағы жылдың 2 ақпанында сағат 3:00-де Бішкек ЖЭО-да апат болып, соның салдарынан қондырғылар істен шықты. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр деп бағаланды.



















