Иранның Мәскеудегі елшісі Казем Джалали Ресейге гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Еуразия Тудейдің Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі жариялаған мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша, кеше, 16 сәуірде Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко Иран Ислам Республикасының Мәскеудегі Елшісі Казем Джалалиді оның өтініші бойынша қабылдады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы маңызды мәселелер мен Америка Құрама Штаттары мен Израиль себепші болған Таяу Шығыстағы жаңа дағдарыс жан-жақты талқыланды.
Ресей атысты тоқтату туралы жасалған келісімдердің бұлжытпай орындалуын қолдайтынын растады.
Кездесуде барлық түйткілдерді тек саяси жолмен шешу және жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерді жалғастыру қажеттігі айтылды.
Мұндай қадам аймақтағы барлық елдердің мүддесіне сай келетініне назар аударылды.
Кездесуде Казем Джалали Ресейдің көрсеткен гуманитарлық көмегі мен дипломатиялық қолдауына алғыс білдіріп, бұл қадамдар екі мемлекет арасындағы жоғары деңгейдегі достық пен ынтымақтастыққа толық сай келетінін атап айтты.


















