2023 жылғы қаңтар-шілде айларында Түркия шай экспортынан құны 17 млн 182 мың 55 доллар кіріс түсірді.
Биыл қаңтар-шілде айларында Түркияда шай экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға өсті.
Қара теңіз аймағының экспорттаушылар одағы басшысының орынбасары Ахмед Хамди Гюрдоғанның айтуынша, алғашқы жеті айда Түркия шайды әлемнің 109 еліне және еркін аймақтарға экспорттаған.
Осылайша Түркия қаңтар-шілде айларында 3 576 тонна шай экспорттап, шайдан 17 млн 182 мың 55 доллар пайда көрді.
Ахмед Хамди Гюрдоғанның сөзінше, 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында түрік шайының экспорты 13 млн 170 мың 966 долларды құраған.
Түркия шайының ТОП-3 импорттаушысы- Бельгия, АҚШ және Ұлыбритания. Бельгияға- 6 млн 926 мың, АҚШ-қа — 2 млн 210 мың және Ұлыбританияға — 1 млн 930 мың доллар көлемінде шай экспортталған.




















