Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин 2023 жылғы 19 қазанда Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Али Бағериді қабылдады.
Тәжікстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша әңгімелесу барысында тараптар тәжік-иран екіжақты қатынастарының жай-күйі мен байланыстарын кеңейту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.



















