Талибан Үкіметі Ауғанстанда жаңа мереке тойланатынын жариялады.
Еуразия Тудейдің «Московский комсомолец» басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Талибан сәрсенбі, тамыздың 14-ін Президент Ашраф Ғани Үкіметінің құлауының мерейтойы ретінде мемлекеттік мереке болатынын жариялады.
Талибан осылайша Кабулды басып алып, бүкіл ел бойынша бақылау орнатқанына үш жыл толуын атап өтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Талибан қозғалысы былтыр да Кабулды басып алып, билігін орнатқан 15 тамызды «Жеңіс күні әрі мерекелік демалыс күні» деп жариялаған болатын.
2021 жылдың 14-15 тамызында Талибан қозғалысы АҚШ әскерлері және одақтастары мен 20 жыл бойы қолдаған Үкімет Ауғанстаннан кеткеннен кейін Кабулды басып алып, Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанидың үкіметін құлатты.
Ашраф Ғанидің елден кеткені белгілі болған сәтте Талибан басшылығы жауынгерлеріне Кабулға кіруді бұйырып, көптеген ауданды бақылауына алды.



















