Талибанның жетекшісі үйлердің терезелерінен көрші үйдегі әйелдердің отырып-тұрғаны көрінбеуіне қатысты жарлық шығарды.
Еуразия Тудейдің Толо ньюс агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Талибан жетекшісі Һибатуллаһ Ахундзаде ғимараттарға терезе орнату тәсілі туралы бес баптан тұратын жарлық шығарып, әйелдердің ас әзірлеу мен отырып-тұрған кезде көрші үйдің терезесінен көрінуіне тыйым салды.
Жарлықтың мәтіні Х әлеуметтік желісіндегі Талибан істер кеңсесінің аккаунтында жарияланды.
Жарлықтың бірінші бабында, егер адам үй салғысы келсе, сол ғимараттан қашық жерде тұрған үйдің ас үйі, құдығы немесе әдетте әйелдер отыратын, көрінетін жерге қарай терезесін қаратып сала алмайтыны жазылған.
Талибан басшысы осы жарлықтың екінші бабында егер біреу үйінің терезесін көршісінің үйіне қаратып қойған болса, оның алдына адамның бойындай мөлшерде биік қабырға тұрғызуы немесе басқа бір тәсілмен көршіден «зиянды» залалсыздандыруы керек деп жазды
Талибан жетекшісі провинциялардың әкімдері мен басқа да тиісті мекемелерге құрылыстарды қадағалауды және осы бұйрыққа қайшы келетін ғимараттардың салынуына жол бермеуді бұйырды.

















