Талибан Үкіметінің делегациясы Мәскеуде өтетін қауіпсіздік саммитіне қатысу үшін Ресейге келді.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, “Талибан” қозғалысының делегациясы Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары өкілдердің 13-ші халықаралық саммитіне қатысу үшін Мәскеуге келді.
Талибан Үкіметінің делегациясы “Жаһандық трансформация: Ресей көзқарасы” атты панельдік пікірталасқа көрермен ретінде қатысады.
Ауғанстанның жаңа билігінің өкілдері бұл кездесуге алғаш рет қатысады.
Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары өкілдердің 12-ші халықаралық саммиті былтыр Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтті. Саммитке әлемнің 100-ден астам елінің өкілдері қатысты.
Айта кетейік, Ресейдің Жоғарғы соты Талибан қозғалысын лаңкестік ұйымдар тізімінен шығарды.
«Талибан» қозғалысы 2021 жылы Ауғанстанда АҚШ бастаған шетелдік әскерлер шығарылғаннан кейін билікке оралды.


















