Ташкент халықаралық инвестициялар форумы 2024 жылғы 2-3 мамыр күндеріне жоспарланған.
Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, форум бағдарламасына пленарлық отырыстармен қатар, сарапшылардың пікірталас кездесулері, дөңгелек үстелдер, презентациялар, В2В келіссөздер сынды 50-ден астам іс-шара өтуі көзделген.
Форумның басты бағыты Өзбекстан экономикасына қатысты перспективалық жобалар мен ел әлеуетін таныстыру болып табылады. Бұл ауқымды шараның Өзбекстан мен жалпы өңір үшін маңызы зор.
Ташкент халықаралық инвестициялық форумы –Өзбекстанның әлеуетін халықаралық инвестициялық және іскерлік қауымдастықтарға таныстыруға мүмкіндік беретін Орталық Азия аймағы үшін ауқымды диалог алаңы.
Нақты айтқанда, форум Өзбекстанның қарқынды дамып келе жатқан нарығына интеграциялануға мүдделі ірі шетелдік инвестициялар, қаржы-экономикалық ұйымдар мен компанияларды тартуға бағытталған.
Айта кетсек, форум жыл сайын өтіп келеді. Өзбекстанда мұндай инвестициялық форум алғаш рет 2022 жылы өтті.
2022 жылы Ташкент халықаралық инвестициялар форумына әлемнің 56 елінен 2 мыңнан астам ірі инвесторлар, жоғары дәрежедегі қонақтар, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері қатысып, 7,8 млрд соммасында инвестициялық келісімдер жасалды. 2023 жылы форумға 70 елден 2500 қатысушы қатысты.
Форум барысында 11 млрд соммасында 164 құжатқа қол қойылды.
2024 жылғы форумға былтырғы жылдан да көп қонақ қатысады деп күтілуде.



















