Малайзия Сыртқы Істер министрі Замбри Абдылқадыр Иран басшыларымен кездесу үшін бүгін Теһранға келеді.
Малайзия СІМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Сыртқы Істер министрі Замбри Абдылқадыр елінің ресми делегациясын бастап, Иран СІМ Хосейн Амир Абдоллахиянның шақыруымен Иранға сапармен келеді.
Ол осы сапары барысында Иранның жоғары басшылығымен, соның ішінде СІМ және экономика саласының белсенділерімен кездеседі. Замбри Абдылқадыр Хосейн Абдоллахиянмен кездесуде биылғы жылы шілденің 5 күні өткен Қосылмау қозғалысына мүше елдердің министрлік деңгейдегі отырысында талқыланған тақырыптар туралы кеңеседі.
Малайзия Сыртқы істер министрлігі осы хабарды мәлімдеп: «Екі министр екі ел арасында орнаған екіжақты серіктестіктегі ілгерілеушілік жайын талқылап, ынтымақтастықтың жаңа негіздерін кеңейту жолдарын қарастырады», — деп жазды.
Малайзия Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, олар сондай-ақ екі елді қызықтыратын аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасады деп күтілуде.
Айта кетейік, бұл Малайзия СІМ Замбри Абдылқадырдың Малайзия Сыртқы істер министрі болғаннан бергі Иранға жасаған алғашқы сапары.
Malay Mail хабарлауынша, Иран Малайзияның 8-ші ірі сауда серіктесі. Батыс Азия елдері арасында Иранға 11-ші экспорттаушы болып табылады. Екі ел арасындағы жалпы тауар айналымы былтыр 0,83 миллиард АҚШ долларын құрап, оның алдындағы жылмен салыстырғанда 40,2 пайызға артқан.


















