Тегеран Вашингтонды АҚШ Конгресіндегі аралық сайлауға дейін де, одан кейін де Иранға шабуыл жасамауға шақырды.
Eurasia Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Қарулы күштерінің «Хатам әл-Анбия» Орталық штабының қолбасшысы Әли Абдоллаһи мәлімдеді.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп қараша айында өтетін Конгресстің аралық сайлауынан кейін Иранға қарсы соққылардың қарқындылығы артуы мүмкін екенін айтқан. Сонымен қатар Трамп сайлауға дейін Иранға жасалған соққылардың қайта басталу мүмкіндігін де жоққа шығармаған.
Абдоллаһидің айтуынша, АҚШ сайлауға дейін немесе одан кейін Иранға қарсы қандай да бір әскери әрекетке барса, Тегеран міндетті түрде жауап қайтарады.
Орталық штабының қолбасшысы: «Егер Вашингтон сайлауға дейін немесе одан кейін, оның нәтижесіне қарамастан, өздері немесе Израильдің арандатуымен Иранға қарсы қадам жасайтын болса, Ислам Республикасының Қарулы күштері қуатты әрі ауыр соққы береді. Мұны сіздер бұрын да көрдіңіздер», — деді.
Абдоллаһи егер әскери қимылдар қайта басталса, оның жалыны бәрін шарпитынын баса айтты.
Сонымен қатар Орталық штабының қолбасшысы Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігін Иранның ядролық нысандарына қатысты асығыс мәлімдемелер жасаудан тартынуға шақырды.
Оның айтуынша, Агенттік бейбіт кейіп танытып, сыртынан қауіп төндіретін ұйымға айналмауы тиіс.
Абдоллаһи Тегеранның ядролық қаруға ие болуға ұмтылып жатқаны туралы айтылып жүрген сөздерді «үлкен өтірік» деп атады. Оның пікірінше, мұндай мәлімдемелер Иранға қарсы жаңа соғыс бастауға сылтау болуы мүмкін.

















