Тегеранда кеше, сейсенбі күні сионистік режимнің басқыншылығына қарсы тұрған Иран Қарулы күштерін қолдау мақсатында қоғамдық жиын өтті.
Мыңдаған ирандық, соның ішінде ерлер, әйелдер мен балалар Тегеранның орталығындағы «Енғелаб” алаңына жиналып, Израильдің шабуылдарына қарсы тұрып, елдің егемендігін қорғаған Қарулы күштерді қолдайтындықтарын мәлімдеді.
Шерушілер “Америкаға өлім! Израиль балаларды өлтіруде!” ұрандарын айтып, АҚШ-ның қантөгіске қатысы мен Израиль режимінің қылмыстық әрекеттерін айыптады.
Қолдарына Иранның жалауларын, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің суреті мен жуырдағы сионистік режимнің әскери соққысынан шәһид болған құрбандардың суреттерін ұстаған қалың жұрт: “Біз соңына дейін тұрамыз!”, “Америка Израильдің барлық қылмыстарының сыбайласы!” деген ұрандар айтты.
Қоғамдық жиында Ислам революциясы Сақшылар корпусына, армияға, “Басидж” күштері мен полицияға алғыс айтылып, жұртшылық олардың қайсарлығы мен ерлігінің құрметіне мадақ әндерін шырқады.


















