Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Ақорданың хабарлауынша әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады. Президент сондай-ақ парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия президенттері бауырлас екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.
Түркияның TRT Haber телеарнасы «Режеп Тайып Ердоған бюллетеньдердің 100 пайызын өңдегеннен кейін 49,45 пайыз дауыс жинап, 50 пайыздық межеден өте алмады», — деп хабарлады. Олар Түркия президентінің басты қарсыласы Кемал Кылычдароглудың 45% дауыс жинағанын мәлімдеді.
Бұл алдын ала мәлімет. Сайлаудың түпкілікті нәтижесі бірнеше күн ішінде белгілі болады. Кандидаттардың ешқайсысы 50% дауыс жинай алмаса, екінші тур 28 мамырда өтеді. Сайлаудың нақты нәтижелері 19 мамырда ресми газетте жарияланады.
Айта кетейік, кеше 14 мамырда Түркияда президент және парламент сайлауы өтті.



















