Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапарында «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша 18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады.
Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.














