Трамптың бұйрығымен Америка Құрама Штаттары Қарулы Күштерінің Біріккен Штаб бастықтарының басшысы генерал Чарльз Браун қызметінен босатылды.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша АҚШ Президенті Дональд Трамп Жарлық шығарып, генерал Чарльз Браунды Америка Құрама Штаттары Қарулы Күштерінің Біріккен Штаб бастықтарының басшысы қызметінен босатты.
Дональд Трамп осы хабарды өзінің Truth Social атты әлеуметтік желісінде жариялады.
Трамп Браунның орнына генерал Ден Разин Кин сайланатын көрінеді.
«Генерал Чарльз Куинтон Браунға елімізге қырық жылдан астам уақыт, соның ішінде Қарулы Күштердің Біріккен Штаб бастықтарының басшысы лауазымында қызмет еткені үшін алғыс айтқым келеді.
Ол бекзат адам, көрнекті жетекші. Ол кісі мен отбасына жарқын болашақ тілеймін», — деді.
Америка Құрама Штаттары Қарулы Күштерінің Біріккен Штаб бастықтарының жаңа басшысына генерал Ден Киннің үміткерлігі Әуе күштері тарапынан ұсынылған. Осы ұсыныс Сенат тарапынан бекітілуі керек.
Тегі африко-америкалық Чарльз Браун 1962 жылы АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында әскери отбасыда дүниеге келген.
















