АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран уақытымен кеше, сейсенбі күні кешке Иранмен атысты тоқтату келісімін ұзартқанын мәлімдеді.
Еуразия Бүгіннің хабарлауы бойынша АҚШ президенті сейсенбі күні өзінің «Truth Social» әлеуметтік желісінде Иран Ислам Республикасымен арадағы Уашиңгтон уақытымен кеше кешкі сағат 20:00-де аяқталуы тиіс болған атысты тоқтату келісімін ұзартқанын хабарлап: «Біз атысты тоқтату режимін Иран тарапы өз ұсынысын бергенге дейін және келіссөз бір нәтижеге жеткенше ұзартамыз», — деп жариялады.
Еске салайық, Иран Ислам Республикасы, АҚШ және Израиль режимі арасындағы атысты тоқтату туралы келісім 2026 жылдың 8 сәуірі күні соғысты түбегейлі тоқтатудың дипломатиялық жолдарын қарастыру мақсатында 2 аптаға жарияланған болатын. Осы мерзім тағы ұзартылды.
















