Иран 2026 жылдың 28 ақпаны мен 17 сәуірі аралығында елдің жолдары арқылы 60,211 миллион тонна жүк тасымалдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Жол құрылысы және автомобиль көлігі ұйымының бас директоры Меһрдад Хамдоллаһи 2026 жылдың 28 ақпаны мен 17 сәуірі аралығында ел жолдары арқылы 60,211 миллион тонна жүк тасымалданғанын мәлімдеді. Иранның Жол құрылысы және автомобиль көлігі ұйымы басшысының мәліметінше, бұл жүк көлемі елінің бүкіл жол желісі бойынша қоғамдық көліктің көмегімен және 3,855 миллион жүкқұжат негізінде тасымалданған.
Меһрдад Хамдоллаһидің айтуы бойынша, осы кезеңде ел порттарынан 3,589 миллион тонна бірінші кезектегі қажет тауарлар мен мал азығы шығарылған.
Хамдоллаһи елінің жүк көлігі паркінің жұмысы жоғары деңгейде сақталып отырғанына тоқталып: «Негізгі тауарларды тасымалдау 153 452 жүкқұжат арқылы жүзеге асырылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға артық»,-деді.


















