Трампқа жақын бір дереккөзі оның Венесуэлаға басқыншылық жасап, сол елдің президентін ұрлап әкету үшін жасанды интеллектпен кеңескенін хабарлады
Еуразия Тудейдің Al Jazeera-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша АҚШ Президенті Дональд Трампқа жақын хабардар бір дереккөзі оның Венесуэлаға шабуыл жасау және сол елдің президенті Николас Мадуроны ұрлап әкету мәселесі бойынша жасанды интеллект Grokпен бірнеше сағат бойы кеңескенін әшкере етті.
Time журналының жазуынша, 2025 жылдың желтоқсан айында Илон Маск Сопақ кабинетке жасырын кездесуге келген.
Осы ақпаратқа сәйкес, Трамп жасанды интеллектпен әңгімелесу барысында Мадуро тұтқындалған жағдайда Венесуэла халқының қандай реакция білдіретіні туралы сұраған.
Grok венесуэлалық көшбасшыны репрессивті әрі халық арасында мүлде беделі жоқ диктатор ретінде сипаттап, оның құлауын ел тұрғындарының көбі қуанышпен қарсы алуы мүмкін екенін айтқан.
Содан бірнеше апта өткен соң Венесуэлаға баса-көктеп кіріп, Мадуроны ұрлап әкетуге бұйрық берген.
Айта кетейік, мұның алдында да АҚШ армиясының жасанды интеллекттен алған ақпаратты пайдалануы Қытай күштерімен әскери қақтығысқа әкеп соға жаздағаны белгілі болған.
Daily Beast басылымының хабарлауынша, жасанды интеллектпен жабдықталған чат-боттар ойлау немесе логикалық тұрғыдан пайымдау қабілетінен кенде.
АҚШ-тың Венесуэладағы тәжірибесі Трампты Иранға басқыншылық жасау мүмкіндігін қарастыруға итермеледі. Ол Иранда да Венесуэладағы сияқты жеңіске жылдам жете алу туралы ойлағанымен жеті ай өтсе де бұл соғыстың тағдыры әлі белгісіз.
















