Түркіменстанның көмегімен Ираннан 4 мыңға жуық шетел азаматы еліне оралды.
Еуразия Тудейдің Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Түркіменстан гуманитарлық дәліздер арқылы шетелдік азаматтардың Ираннан кедергісіз шығуын қамтамасыз етуді жалғастыруда.
Бүгінгі таңда 52 мемлекет Түркіменстанға Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты өз азаматтарының еліне оралуына көмек көрсетуді сұраған. Өтініштер тез арада қаралып, Түркіменстанда аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен тығыз ынтымақтастықта жедел түрде жүзеге асырылуда.
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін Орталық Азия елдері, Ресей, БАӘ, Сауд Арабиясы, Оман, Бахрейн, Қатар, Кувейт, Германия, Швейцария, Дания, Ұлыбритания және басқа да елдердің азаматтары Түркіменстанның Иранмен шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттері арқылы өткен.


















