Түркия соңғы он жылда Сирияда қақтығыс пен қайшылық тудырып, оны қолдау үшін көп қаржы жұмсады.
Еуразия Тудейдің Тасним ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы Түркия мәселелерінің сарапшысы Әли Хейдари айтты.
Сенбі, желтоқсанның жетісі күні Башар Асадтың Ресейге кетуімен осы елдегі Баас жүйесінің билігі елу жылдан соң аяқталды. Дамаскте қарсыластардың билікті қолға алуымен енді елд саяси жүйенің жаңа формасы қалыптасады.
Осы өзгерістердің Сирия үшін қандай нәтижелері болатынынан бөлек бұл материалда Түркияның Башар Асад кеткен соң қандай мақсаттарды көздейтіні қарастырылады.
Анкара қақтығыс операцияларының басынан-ақ Сириядағы өзгерістердегі өзінің рөлін жоққа шығарғанымен, Түркияның осы елдегі оқиғаларға қатысы бар екендігі туралы көптеген белгі бар.
Қауіпсіздік мақсат
Түркия өткен бірнеше онжылдықта өзінің шекараларының іші мен тысында күрд мәселесімен арпалысты. Қазіргі уақытта елінің оңтүстігінде КЖП тобының қатерін біршама залалсыздандырған соң Сирияның солтүстігіндегі күрдердің жаңа қатерлерін басуға күш салуда.
Түркия өткен сегіз жылда Сирияның солтүстігіне әскер жіберіп, күрдердің қол астындағы аймақтардың біразын басып алып, олардың автономиялық аймақ құру туралы бағдарламасына айтарлықтай тойтарыс беріп, өзінің гибридті күштерін қолданып, жексенбі күні Манбиджды басып алды.
Ол жақын арада Айн әл-Араб ісін жауып, оңтүстік шекараларында Камишлиден басқа 30 шақырым тереңдікте қауіпсіздік белдеуін жасап, күрд мәселесін өзінше шешуі мүмкін.
Босқындар мәселесі
Қазіргі уақытта Түркияда 4 миллионға жуық сириялық босқын бар. Оппозиция Дамаскті басып алу операциясын бастағаннан бері Анкара басшылары Сирияда саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты босқындар өз елдеріне оралуы керек деп бірнеше рет мәлімдеген.
Түркия осы ретте жылдар бойы жалғасып келе жатқан бұл проблемадан құтылу үшін кейбір аймақтарға босқындардың көшуін ынталандырады, тіпті мәжбүрлейді.
Түркия сондай-ақ, босқындардың көшуін жеделдетіп, бұрын күрдтер мекендеген осы аймақтарда демографиялық өзгеріс жасап, өзіне іші жылып тұратын халықты көршілес ету үшін өзі басып алған Сирияның солтүстік шекарасында тұрғын үйлердің құрылысын бастайды.
Экономикалық мақсат
Башар Асад Сириядан кеткен күні Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан елінің Сирияны қалпына келтіруге және экономикалық ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.
Бұл елдің әлеуетін ескере отырып, болашақта түрік компанияларының Сирияда болуы мен екі ел арасында сауда көлемінің күрт өскеніне куә боламыз. Қақтығыстың негізгі себебі Түркия экономикасын қазіргі жағдайдан шығарады.
Саяси мақсат
Cоңғы он жылда Түркия Сирияда қақтығыс пен қайшылық тудырып, соны қолдау үшін көп қаржы жұмсады. Бүгінде Сирияда үдерістің өзгеруімен осы елдің саяси болашағына барынша ықпал етуге күш салады.
Бұл жаңа Конституцияны әзірлеуге ықпал ету және Сирияны басқару үшін өзіне жақын адамдарды тағайындауды қолдау арқылы қалыптасады.
Осы ретте көптеген басқа мақсаттарды қосуға болады. Өйткені Анкара бұл күнді он жылдан бері күтті.

















