Түркия-Сирия шекарасы маңындағы бақылау-өткізу бекетінде атамекеніне қайтқысы келетіндердің кезегі артты.
Еуразия Тудейдің Turknws арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша шекарадағы бақылау бекетінің жұмысындағы жүктемені азайту үшін түрік жандармериясы одан 5 шақырым жерде жеке бақылау бекетін құрып, Түркия-Сирия шекарасындағы босқындарды Сирияға қайтару мүмкіндігін арттырды.
Анкара Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерликаяның айтуынша, қайтып жатқан босқындардың саны күн сайын 15-20 мың адамға дейін өсті.
Түркия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елде Сириядан келген 2,9 миллионға жуық босқын бар.
Президент Ердоған бұдан бұрын 1 миллионға жуық босқынның Сирияға қайтарылуын қамтамасыз ету жоспарын жариялаған болатын.
Ердоған 9 желтоқсанда Түркияның сириялық босқындардың қауіпсіз және өз еркімен оралуын қамтамасыз ету үшін Сириямен шекарадағы Яйладағы өткелін ашатынын хабарлады. Бұл бақылау-өткізу бекеті 2013 жылдан бері шекаралық аймақтағы шайқастарға байланысты жабылған.













