Үндістан, Пәкістан, Түркия және Иран “Кавказ диалогы — 2025” ғылыми-білім беру бағдарламасына қатысуда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Горчаков қорының атқарушы директорының орынбасары Виктория Карслиева “ТАСС Кавказ” аймақтық ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Карслиева: “Биыл бізде бірқатар жаңа енгізілім болды. Біз биыл шараға қатысуға Үндістан, Пәкістан, Түркия және Иран сияқты елдерді шақырдық. Биыл бізде 50 қатысушы және 30 сарапшы бар. Олар төрт күн жұмыс істейді” , — деді.
Сондай-ақ, Горчаков қорының атқарушы директорының орынбасары бағдарламаның басты мақсаты сапалы сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру екенін айтып: “Біздің бағдарламамыздың басты мақсаты — болашақта Ресей Федерациясында да, шетелде де дұрыс және қажет сараптаманы қамтамасыз ете алатын сапалы сарапшылар қауымдастығын құру”, — деді.
“Кавказ диалогы — 2025” шарасы 30 маусым мен 4 шілде аралығында Пятигорск қаласындағы “Машук” білім орталығының алаңында өтуде. Шараға 12 елден келген делегация қатысуда.
“Кавказ диалогы” — жыл сайын ұйымдастырылатын бағдарлама. Шара аясында экономика және қауіпсіздік мәселелері, Кавказ аймағындағы жағдайға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар, терроризм мен экстремизммен күрес мәселелері талқыланады. Іс-шараға сарапшылар, журналистер, көрнекті саяси қайраткерлер мен танымал ғалымдар шақырылып, дәрістер, дөңгелек үстелдер мен топтық жұмыстар ұйымдастырылады.



















