Үндістан үкіметі Пәкістанға қарсы жаңа шешімінде осы елден тауар импорты мен транзитіне тыйым салатынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ИСНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Үндістан үкіметі Исламабад пен Нью-Дели арасындағы шиеленістің жалғасында Пәкістаннан тауар импорты мен транзитіне тыйым салатынын жариялады.
Үндістанның Сыртқы сауда Бас басқармасы Пәкістаннан тауар импорты мен транзитіне дереу тыйым салғанын және бұл тыйым келесі ескертуге дейін күшінде болатынын хабарлады.
Ұйымның мәлімдемесінде: «Бұл шектеу ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық саясат мүддесі үшін енгізілген» деп жазылған.
Жоғарыда аталған Бас басқарманың хабарламасына сәйкес, бұл тыйым жаңа бұйрық берілгенше дереу орындалады және оған қатысты кез келген ережеден тыс жәйт үкіметтің алдын ала мақұлдауын талап етеді.
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс 22 сәуірде Үндістанның бақылауындағы Джамму және Кашмир штатының Пахалгам ауданында болған лаңкестік әрекеттен кейін ушыға түсті. Қарулы экстремистік содырлар тобының лаңкестік әрекеті салдарынан кемінде 26 адам, негізінен туристер қаза тапты. Бұл лаңкестік әрекетті Пәкістандағы «Лашкар-е-Тайба» экстремистік ұйымына қарасты содырлар тобы өз мойнына алды.
















