Парсы шығанағындағы үш араб елі — Сауд Арабиясы, БАӘ және Катар АҚШ-қа сионистік режимге өз әуе кеңістігін Иранға қарсы кез келген агрессия үшін пайдалануға рұқсат бермейтіндерін айтты.
Еуразия Тудейдің CNN агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Парсы шығанағы аймағындағы үш араб елі Израиль режимінің Ирандағы нысандарға қарсы кез келген әскери агрессиясына қарсы екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Иордания өкілі Иордания да өз әуе кеңістігін басқа елдерге шабуыл жасау үшін пайдалануға рұқсат етпейтінін мәлімдеді.
Wall Street Journal бұған дейін Иран АҚШ-тың аймақтағы одақтастарына Израиль режиміне Иранға шабуыл жасау үшін өз әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат етсе, олардың нысанаға алынатынын ескерткенін жазған болатын.
















