Қазақстан, Ресей және Ирак ОПЕК+ бойынша өз міндеттемесін толығымен орындады. Еуразия Тудейдің ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы қазанның 2 күні өткен Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 56-шы отырысында айтылды.
Кездесуде шілде және тамыз айларындағы шикі мұнай өндіру мәліметі мен нарық жағдайы талқыланып, Ирак, Қазақстан және Ресей қыркүйек айында ұсынылған өтемақы жоспарларына сәйкес өз міндеттемесін толығымен орындағанын растады.
Жоғарыда айтылған үш ел келісімнің қалған мерзімінде де міндеттемелерін орындауға және өтемақы төлеуге ниетін білдірді. Мониторинг комитетіне қатысушылар міндеттемелер мен өтемақыларды орындаудың маңыздылығын баса айтты.
Әрбір ел тамыз және қыркүйек айларында аналитикалық агенттіктермен өтемақы жоспарларын орындау туралы семинар өткізіп отырады.
Мониторинг комитетінің келесі 57-ші отырысы желтоқсан айының 1 күні өтеді деп жоспарлануда. Мониторинг кабинеті бұрын қабылданған міндеттемелердің, соның ішінде қосымша ерікті қысқартулардың орындалу барысын бақылауды жалғастырады және нарықтық жағдайды үздіксіз бағалайды.



















