Иранның үш мың сүннит ғұламасы «Шынайы уәде-2» операциясының сәтті өтуіне ризашылық айтып, қолдау білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы олардың Ислам революциясының жетекшісі аятолла Әли Хаменеиге жолдаған хатында жазылған.
Ислам революциясының жетекшісіне жолданған хатта былай деп жазылған:
«Сіздің көреген және батыл басшылығыңызбен абыройлы байсалдылық кезеңінен кейін Иран Ислам революциясының қаһарман Сақшылар корпусының құдіретті күші 1 қазан күні кешке басып алынған аймақтарды таң қалдырды.
Бұл шәһид болғандардың қайғылы отбасыларына, Палестинаның қорғансыз халқына және әлемдегі барлық бостандық үшін күресушілерге жұбаныш әкелді. Ал, қасиетті Құдстағы табанды күрескерлерге қарғыс атқан сионистік режиммен соңына дейін күресуде жаңа күш пен қажымас табандылық берді.
Біз, бір топ мешіт имамдары мен еліміздің сүннит уағызшылары, Құран мен ислам ілімінің қызметшілері, бірлік пен жиһад жолының ізбасарлары ретінде Сіздің Тегерандағы өткен жұма күнгі намазындағы тәрбиелік мәні бар сөздеріңіз бен батыл уағыздарыңыз үшін, имам Хомейни мен шәһидтердің мұраттарына деген адалдығыңызды растағаныңыз үшін және осы ұлы көсемнің ізгі жолын жалғастырғаныңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Біз Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен Иран Ислам Республикасының Қарулы күштерінің басқыншы әрі бала өлтіргіш режимге қарсы жүргізген «Шынайы уәде-2» операциясының сәтті өткеніне, Сіздің дана басшылығыңызға және Алланың жолындағы қолбасшыларыңыз бен жауынгерлеріңізге шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз».

















