UNRWA басшысы Филипп Лаззарини Газа секторына гуманитарлық көмек енгізу үшін сионистік режимге халықаралық қысымды арттыруды сұрады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек көрсету және оларға жұмыс табу жөніндегі агенттігінің (UNRWA) басшысы Филипп Лаззарини сионистік режимнің Газа секторын жан-жақты қоршауды жалғастырудағы табандылығына тоқталып, Газа секторына гуманитарлық көмек енгізу үшін осы режимге халықаралық қысымды арттыруды сұрады.
Еуразия Тудейдің Aljazeera арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Лаззарини сионистік режимнен осы ұйымның гуманитарлық көмек пен азық-түлік тиелген көліктердің Газаның солтүстігіне жетуіне рұқсат беруін және осы аймаққа көмек жеткізілуін жеңілдету үшін қосымша құрлық өткелдерін ашуға мүдделік танытты.
UNRWA басшысы X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жазба жариялап, Газа секторындағы палестиналықтарға негізгі көмектің жеткізілуіне сенімді болу үшін әлем елдерін сионистік режимді барлық қажет шараны қабылдауға міндеттейтін Халықаралық Соттың үкімін орындау үшін осы елге қысымды арттыруға шақырды.
Лаззарини, сондай-ақ, Газада ашаршылықтың алдын алу үшін дереу батыл шара қабылдау қажеттігін баса айтып, елдерді агенттікті қаржыландыруға қатысты шешімдерін қайта қарауға шақырып, Газадағы 2 миллионнан астам адамның өмір сүру жағдайы қиындап әрі бұл аймақтың өмір сүруге жарамайтын мекенге айналып бара жатқанын ескертті.
Al-Jazeeraның мәліметі бойынша, сионистік режим басқыншы армиясының АҚШ пен Еуропаның қолдауымен Газа секторында бейбіт тұрғындарға қарсы геноцид бастағанына 176 күннен асып барады. Соның салдарынан 32 мыңнан астам адам қайтыс болып, 75 мыңнан астам адам жарақат алды.
Халықаралық институттар мен ұйымдардың мәліметтері бойынша Газа секторы халқының 85 пайызы босқынға айналған.
Мұның алдында бұл туралы Брюссельдегі жиында Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель де Газа секторы Израиль әскери операциясына дейін әлемдегі ең үлкен ашық түрмесі болса, енді ең үлкен зиратқа айналып бара жатыр деген болатын.
БҰҰ сарапшылары бірнеше ай бұрын Газа секторының 2,2 миллион тұрғыны азық-түлік тапшылығынан зардап шегіп отырғанын ескертті.
Еске салайық, 2023 жылғы 7 қазанда Хамас Газа секторы арқылы Израильге әуе мен жер және теңізден шабуыл ашып, оны «Әл- Ақса тасқыны» деп атады. Израиль қорғаныс күштері де жауап ретінде «Темір қылыштар» әскери операциясын жариялап, Газаға әуеден соққы беріп, аймаққа құрлықтан шабуыл бастады. Осылайша Газа секторында жағдай ушығып кетті.




















