Мессенджер WhatsApp-та арналар ашатын қызмет қосылды.
Бұл туралы WhatsApp компаниясы өзінің блогында хабарлады.
«Бүгін маңызды күн. Біз 150-ден астам елде арналар мүмкіндігін іске қосып жатырмыз. Осылайша пайдаланушыларымыз оларды қызықтыратын жаңалықтарды алады. Біздің мақсатымыз – құпиялылық деңгейі жоғары пошталық қызмет көрсету. Сондықтан біз арналарды чаттардан бөліп, пайдаланушы жазылған арналардың басқа жазылушыларға көрінбейтініне көз жеткіздік. Сонымен қатар, біз әкімшілер мен жазылушылардың жеке ақпаратын қорғаймыз.
Біз он елде алғаш рет іске қосылғалы бері алған барлық оң пікірлер үшін өте ризамыз. Жаһандық іске қосу аясында жүзеге асырылатын жаңа мүмкіндіктерді енгіземіз», — деп жазды.












