Душанбедегі Борбад сарайында 14 қыркүйекте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бесінші консультативтік кездесуі аясында «Достық кеші» атты бірлескен концерттік бағдарлама өтті.
Тәжікстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Орталық Азия елдерінің мәдениет және өнер қайраткерлері шараға қатысушыларға ежелден келе жатқан ұлттық және тату көршілік дәстүрлері мен мемлекеттер арасындағы жақсы қарым-қатынастар туралы мазмұнды және кешенді бірлескен бағдарлама ұсынды.
«Достық кеші» мәдени бағдарламасын Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев тамашалады.



















