Eurasiatoday
Вторник, 24 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Украинадағы соғыстың зардабын адам ғана емес, хайуанаттар да көріп отыр

  • Сараптама
  • 3 июня, 2023 21:01

Loading

Украинада бомба түскенде адамдармен қатар аң-құстар да қиямет-қайымды бастан кешкеннен бетер күйде болады.

Майдан өткен жерлерді бейнежазбадан қарасақ, ағаштардың сүреңсіз екенін, олардың діңгектері мен бұталары жарақаттанғанын, от шарпығанын көруге болады. Ондай жерден қашқан аң-құстар да жуық арада қайтып оралмайды.
Ал үлкен қалалардағы хайуанаттар бағының жағдайы қалай? Иә, ең қиналатындар осындағы аң-құстар. Олар қамауда, оларды босатып жібере алмайды. Қаланы бомбалағанда аң құстар қиямет-қайымды бастан кешкеннен бетер күйде болады. Бәрі психикалық жарақат алады. Ал бомба туралап келіп түскен жағдайда не өледі, не жараланады. Әрі соғыс кезінде оларға тамақ пен су жеткізудің қиындығы тағы бар.

Соғыс жағдайында хайуанаттар бағын түгел эвакуациялау мүмкін емес деп жатады. Ол үшін басқа тыныш қаладан хайуанаттар бағын салуға тура келеді. Кей жағдайда аң-құстарды өзге қалалардағы хайуанаттар бақтарына таратады. Соның өзінде бәрін алып кету мүмкін болмаса керек. Мұндай жағдайда жарылыстардан қорқып қалған аң-құстарға тыныштандыратын дәрі ішкізеді.

Тақырыпқа орай:

Трамп: Украинаға берілген америкалық зымырандар ашық нарықта қайта сатылған

16.10.2026

Ресей Украина қалаларына дүркін-дүркін бомба тастады. Әлі де бомбалауға тырысуда. Украинада бомба түсіп жантәсілім еткен аңдар аз емес.

Мысалы, соғыстың басында Харьковтегі хайуанаттар бағы атқыланған екен. Жарылған бомбалардан екі бұғының сүйегі шашылып қалған. Жарылыс кезінде темір торлар аударылып, қалаға қашқан аңдар да болыпты. Соңынан оларды қуалап жүріп ұстаған. Қалада ерсілі-қарсылы маймылдар жүрген. Ондай кезде қалада жарақат алған иттер көбейіп кететін көрінеді. Иелерінің өздері бас сауғалап кетіп, иттеріне қарауға шамасы келмесе керек.

Харьковтың хайуанаттар бағында соғыс басталғалы бері жарылыстан оншақты аң өлген. Ішінде түйеқұс, маймыл, леопардтар бар. Жарылыс кездерінде хайуанаттар бағының алты қызметкері қаза болды.

Киевтің хайуанаттар бағындағы аң-құстар Польшаның хайуанаттар бақтарына көшіріліпті. Бірінші кезекте жолбарыс, арыстан, маймыл, гиена, аю сияқты жыртқыштардың жартысына жуығын алып кеткен. Жылқылар мен түлкілерді табиғатқа қоя берген. Аң-құстар түгел әкетілмеген, ал әкетілгеннен босаған орындарға көшеде иесіз қаңғып қалған үй жануарларын жайғастырған.

Тағы бір қиындығы – Украинадағы электр және жылу көздері қыс бойы атқыланып жатты. Суықта адамдармен бірге хайуандар да тоңды.

Украина тұрғындары хайуанаттар бақтарына қол ұшын беріп, ақшалай не заттай көмек беруде. Аң-құстарға көмек жинайтын еріктілер де көп.

Украинадағы хайуанаттар бақтарының ішінде Николаев қаласындағысы хайуанаттар бағы көбірек зардап шеккен.

Осылайша, Ресей әскері тұрғын үйлерді қоймай, бомбаларының кейбірі хайуанаттар бақтарын да қиратқан. Сондықтан соғыстың зардабын адам ғана емес, қамаудағы төрт аяқты хайуандар да тартып отыр. Украина үкіметі хайуандарды барынша сақтап қалуға күш салуда.

Украина Президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, соғыс салдарынан 6 миллион үй жануарлары қырылған. Сондай-ақ, Қара теңіздегі кем дегенде 50 мың дельфин жойылған.

Ал тарихта соғыс кезінде өз хайуанаттар бақтарындағы қауіпті аңдарды өз үкіметі қырған елдер болды. Себебі бомбалаудың салдарынан торларынан шығып кеткен аңдар қала тұрғындарына ауыз салады деген қауіппен өлтіреді екен. Тордағы өз хайуандарын әдейі өлтіру жағдайлары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көп болған екен.

Мұндай жағдай Екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде Германияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та болды. 1941 жылы немістердің басқыншылығы кезінде Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласының хайуанаттар бағының арыстандары, қасқырлары, гиеналары, ақ аюлары әдейі қолдан өлтірілді. Ал Лондонның хайуанаттар бағындағы улы жыландар, кесірткелер, шаяндар жойылды. 1940 жылы сырттан ешқандай шабуыл қаупі болмағанның өзінде Германияда әр түрлі тағы жануарлардың көзі жойылды. Ал 1944 жылы Германияға әуе шабуылдары жиілегенде ол елдегі хайуанаттар бақтарындағы арыстандар өлтірілген.Украинадағы соғыстың зардабын адам ғана емес, хайуанаттар да көріп отыр
Украинада бомба түскенде адамдармен қатар аң-құстар да қиямет-қайымды бастан кешкеннен бетер күйде болады.

Майдан өткен жерлерді бейнежазбадан қарасақ, ағаштардың сүреңсіз екенін, олардың діңгектері мен бұталары жарақаттанғанын, от шарпығанын көруге болады. Ондай жерден қашқан аң-құстар да жуық арада қайтып оралмайды.

Ал үлкен қалалардағы хайуанаттар бағының жағдайы қалай? Иә, ең қиналатындар осындағы аң-құстар. Олар қамауда, оларды босатып жібере алмайды. Қаланы бомбалағанда аң құстар қиямет-қайымды бастан кешкеннен бетер күйде болады. Бәрі психикалық жарақат алады. Ал бомба туралап келіп түскен жағдайда не өледі, не жараланады. Әрі соғыс кезінде оларға тамақ пен су жеткізудің қиындығы тағы бар.

Соғыс жағдайында хайуанаттар бағын түгел эвакуациялау мүмкін емес деп жатады. Ол үшін басқа тыныш қаладан хайуанаттар бағын салуға тура келеді. Кей жағдайда аң-құстарды өзге қалалардағы хайуанаттар бақтарына таратады. Соның өзінде бәрін алып кету мүмкін болмаса керек. Мұндай жағдайда жарылыстардан қорқып қалған аң-құстарға тыныштандыратын дәрі ішкізеді.

Ресей Украина қалаларына дүркін-дүркін бомба тастады. Әлі де бомбалауға тырысуда. Украинада бомба түсіп жантәсілім еткен аңдар аз емес.

Мысалы, соғыстың басында Харьковтегі хайуанаттар бағы атқыланған екен. Жарылған бомбалардан екі бұғының сүйегі шашылып қалған. Жарылыс кезінде темір торлар аударылып, қалаға қашқан аңдар да болыпты. Соңынан оларды қуалап жүріп ұстаған. Қалада ерсілі-қарсылы маймылдар жүрген. Ондай кезде қалада жарақат алған иттер көбейіп кететін көрінеді. Иелерінің өздері бас сауғалап кетіп, иттеріне қарауға шамасы келмесе керек.

Харьковтың хайуанаттар бағында соғыс басталғалы бері жарылыстан оншақты аң өлген. Ішінде түйеқұс, маймыл, леопардтар бар. Жарылыс кездерінде хайуанаттар бағының алты қызметкері қаза болды.

Киевтің хайуанаттар бағындағы аң-құстар Польшаның хайуанаттар бақтарына көшіріліпті. Бірінші кезекте жолбарыс, арыстан, маймыл, гиена, аю сияқты жыртқыштардың жартысына жуығын алып кеткен. Жылқылар мен түлкілерді табиғатқа қоя берген. Аң-құстар түгел әкетілмеген, ал әкетілгеннен босаған орындарға көшеде иесіз қаңғып қалған үй жануарларын жайғастырған.

Тағы бір қиындығы – Украинадағы электр және жылу көздері қыс бойы атқыланып жатты. Суықта адамдармен бірге хайуандар да тоңды.

Украина тұрғындары хайуанаттар бақтарына қол ұшын беріп, ақшалай не заттай көмек беруде. Аң-құстарға көмек жинайтын еріктілер де көп.

Украинадағы хайуанаттар бақтарының ішінде Николаев қаласындағысы хайуанаттар бағы көбірек зардап шеккен.

Осылайша, Ресей әскері тұрғын үйлерді қоймай, бомбаларының кейбірі хайуанаттар бақтарын да қиратқан. Сондықтан соғыстың зардабын адам ғана емес, қамаудағы төрт аяқты хайуандар да тартып отыр. Украина үкіметі хайуандарды барынша сақтап қалуға күш салуда.

Украина Президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, соғыс салдарынан 6 миллион үй жануарлары қырылған. Сондай-ақ, Қара теңіздегі кем дегенде 50 мың дельфин жойылған.

Ал тарихта соғыс кезінде өз хайуанаттар бақтарындағы қауіпті аңдарды өз үкіметі қырған елдер болды. Себебі бомбалаудың салдарынан торларынан шығып кеткен аңдар қала тұрғындарына ауыз салады деген қауіппен өлтіреді екен. Тордағы өз хайуандарын әдейі өлтіру жағдайлары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көп болған екен.

Мұндай жағдай Екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде Германияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та болды. 1941 жылы немістердің басқыншылығы кезінде Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласының хайуанаттар бағының арыстандары, қасқырлары, гиеналары, ақ аюлары әдейі қолдан өлтірілді. Ал Лондонның хайуанаттар бағындағы улы жыландар, кесірткелер, шаяндар жойылды. 1940 жылы сырттан ешқандай шабуыл қаупі болмағанның өзінде Германияда әр түрлі тағы жануарлардың көзі жойылды. Ал 1944 жылы Германияға әуе шабуылдары жиілегенде ол елдегі хайуанаттар бақтарындағы арыстандар өлтірілген.

Украинадағы қақтығыс тек осы елдегі аң-құстарға ғана әсер етіп қоймай басқа да елдерде құстардың ұшып келуіне әсер еткен. Мысалы, Кашмир шенеуніктері биыл Еуропадан аймаққа өткен жылдармен салыстырғанда құстардың азырақ қоныс аударғанын айтады. Олардың сөзінше, құстар Украинадағы соғыс салдарынан өздерінің бағыттарын өзгерткен.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: соғыстың зардабыУкраинахайуанаттар
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Трамп: Украинаға берілген америкалық зымырандар ашық нарықта қайта сатылған

Трамп: Украинаға берілген америкалық зымырандар ашық нарықта қайта сатылған

16.10.2026
Трамптың қадамы: Ресей дизеліне санкция жеңілдетіліп, Киевке қысым жасалуда

12.10.2026
Казем Джалали: Украина «Ана» кемесіне келтірілген шығынды өтеуі тиіс

21.08.2026
Иран: Украина келтірілген шығынды өтемесе, тиісті шара қолданылады

11.08.2026
Иран СІМ: Украинаның Каспий теңізіндегі кемеге жасаған шабуылы — қасақана әрекет

03.08.2026
Иран кемесіне жасалған шабуыл НАТО-ның антиирандық стратегиясының бір бөлігі

31.07.2026
Тегеран мен Киев арасындағы дипломатиялық шиеленіс күшейді

27.07.2026
Иран Украинадағы қақтығыстың түпкі себептерін жою қажет деп санайды

26.02.2026
Макрон Украина келіссөздеріне Еуропа Одағының да қатысуын талап етті

13.02.2026

Басты жаңалықтар

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.