2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Қырғызстан 52 ұшқышсыз ұшатын аппарат әкелді.
Бұл туралы 24.kg сайты Қырғыз республикасының Ұлттық статистикалық комитеттің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, импортталған ұшқышсыз басқарылатын ұшақтардың құны 132,9 мың долларды құрайды. Оның ішінде Қытайдан 37 мың долларға әкелінген осындай 45 құрылғы бар. Сонымен қатар, Германиядан 79,3 мың долларға 4, Швейцариядан 9,4 мың долларға 2, Біріккен Араб Әмірліктерінен 7,3 мың долларға бір ұшқышсыз басқарылатын ұшақ жеткізілді.
Жарты жыл ішінде Қырғызстаннан 800 долларға ұшқышсыз басқарылатын 1 ұшақ экспортталған.



















