Қырғызстан ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлерінің экспортына уақытша тыйым салды.
Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Қырғыз Республикасынан ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлерін шығаруға уақытша тыйым салынды.
Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетi 2023 жылдың қыркүйек айының 22 күні қаулы қабылдап, елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және азық-түлiк тауарларының нарықтық бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығының жекелеген түрлерiн шығаруға (экспорттауға) (керi экспортты, транзиттi, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетi көрсететiн гуманитарлық көмектi қоспағанда) алты ай мерзiмге уақытша тыйым салды.
Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



















