Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров өзінің резиденциясында испаниялық «Барселона» футбол клубының президентін қабылдады.
Кездесу барысында Садыр Жапаров миллиондаған жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленген аты аңызға айналған клуб өкілдерінің Қырғызстанға келуіне қуанышын білдірді.
Сондай-ақ, Садыр Жапаров Қырғызстанда «Барселона» академиясының ашылуы ұлттық құраманың кәсібилігін арттыруға ықпал ететінін, сонымен қатар туризмді, спортты, инвестицияларды және республика экономикасының басқа да секторларын дамытуға оң ықпал ететінін атап өтті.
«Барселона» президенті Жоан Лапорта Қырғызстан Президентіне Орталық Азиядағы спорт ұйымының тәжірибесін тарату жобасын қолдағаны үшін алғысын білдірді. Қырғызстандағы «Барселона» жаңа футбол академиясы спортшылардың өсуіне ықпал етеді, олардың спорттық шеберлігін барынша ашуға көмектеседі, сондай-ақ жанкүйерлердің спортқа деген көзқарасын жақсы жаққа өзгертеді деген үмітін білдірді.
![]()



















