Жаңа оқу жылының басталуына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың қатысуымен Қырғызстанда жаңа үш орыс тілді мектептің құрылысы басталды.
Екі елдің президенттері салтанатты рәсімдерге қашықтықтан қатысты. Қырғызстанның Қаракөл қаласындағы мектептің алғашқы ірге тасын Бішкектегі Ресей ынтымақтастық агенттігінің (Россотрудничество) басшысы Альберт Зульхарнеев пен Қырғыз Республикасы министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Бақыт Торобаев қойды.
Жаңа жалпы білім беретін орта мектептің құрылысы Бішкек, Баткен және Қаракөл қалаларында басталды.
Заманауи стандарттарға сай болатын бұл мектептер жоғары технологиялық инновациялық жабдықтар және басқа да қажетті заттармен жабдықталады деп күтілуде.
Мектеп бітіруші түлектер тек Қырғызстан ғана емес, сонымен қатар Ресей ұлттық үлгідегі аттестаттарды алады. Ресей ынтымақтастық агенттігінің мәліметінше, Ресей Федерациясы 2027 жылға дейін Қырғызстанның жеті қаласы мен екі ауылында жалпы саны тоғыз мектеп салуға ниетті.



















