Сунь Муму есімді танымал Қытай акробат әйел Хоугао ауылында күйеуімен бірге өнер көрсетіп жатқан кезінде биіктіктен құлап көз жұмды.
Қытайлық акробат әйелдің 9 метр биіктіктен құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Қайғылы оқиға Аньхой орталық провинциясындағы Хоугао ауылында орын алды.
37 жастағы ерлі-зайыптылар Сунь Муму мен Чжан Муму арқанмен жоғарыға көтерілген сәтте әйелі күйеуінің аяғына тұрып, мойнынан құшақтаған. Әбден биіктікке көтерілген кезде тепе-теңдігін жоғалтып алып әйелдің қолы шығып кетеді де төменге қарай құлап кетеді. Алайда күйеуі құлап бара жатқан әйелін ұстап үлгермейді.
Акробат әйел дереу ауруханаға жеткізілгенімен оны құтқару мүмкін болмады. Weibo қытай әлеуметтік желілерінде ерлі-зайыптылардың ұрсысып қалғаны, сол себепті әйел сақтандыру белдігін тағудан бас тартқаны айтылады.
Дегенмен Чжан Муму әйелімен ұрсысып қалғанын жоққа шығарды. Ер адамның сөзінше, олар бақытты отбасы болған. Ол оқиғаға байланысты түсініктеме беруден бас тартты.
Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталуда.



















