БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) статистикасы бойынша, Иран бал өндірісі бойынша әлем елдері арасында үшінші орынға ие.
Иран табиғи ресурстары мен әртүрлі өсімдік алуандығына байланысты бал шаруашылығы саласында ең жақсы өндіріске ие.
ФАО-ның хабарлауынша, Иранның бал өндірісі әлемдік өндіріс рейтингінде Қытай мен Түркиядан кейінгі орында. ФАО мәліметінше, Иранның бал өндірісі 2021 жылы 80 мың тонна, 2022 жылы 77 мың тоннаны құраған.
Иран кооперативтік палатасының ауыл шаруашылығы комиссиясының басшысы Арслан Қасеми сөзінше, Иран құны 6,5 миллион доллар болатын өз өнімін әлемнің 22 еліне экспорттаған. Иранның бал өнімін импорттаушы елдердің алдыңғы қатарында Қытай, Бахрейн, Кувейт, Катар, Оман, Германия, Англия, Канада, Австралия, Индонезия, Малайзия, Ирак және Ливан, сондай-ақ Гонконг бар.
Өсімдіктердің алуан түрлілігі мен табиғи ресурстарына байланысты Ирандағы балдың өндірістік қуаты өте жоғары және елдегі өсімдік түрлерінің саны Еуропа континентінен үш есе көп.
Иран әлемде бал өндірісі бойынша жетекші елдердің бірі және жыл сайын өндірісті арттырып келе жатыр.
Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды.
Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.


















