БҰҰ Балалар қоры ЮНИСЕФ сионистік режимнің Газа секторына шабуылдары басталғаннан осы уақытқа дейін палестиналық он бес мыңнан астам бала қаза тапқанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің Al-Jazeera арансына сілтеме жасап хабарлауы бойынша ЮНИСЕФ Газа секторында атыысты тоқтату бітімі бұзылғаннан бері 322 көз жұмып, 609 баланың жарақатын алғанын жариялады.
Халықаралық ұйымның мәліметі бойынша өткен он күнде де Газада күніне жүз бала қайтыс болған немесе мертіккен.
ЮНИСЕФ құрбан болған балалардың көпшілігінің уақытша шатырларды немесе қираған үйлерді паналаған босқындар болғанын баса айтты.
Ұйым Газаны толығымен қоршау және гуманитарлық көмектің кіруіне жол бермеудің бейбіт тұрғындардың, әсіресе бір миллион баланың өміріне қауіп төндіріп тұрғанын ескертті.
ЮНИСЕФ-тің есебіне сәйкес, соңғы 18 айда он бес мыңнан астам бала қаза тауып, 34 мыңнан астам бала жарақат алды, миллионға жуық бала баспанасыз қалды.
Ұйым сондай-ақ: «Соғыс басталғаннан бергі ең ұзақ гуманитарлық блокада азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қатты тапшылығын тудырды. Салдарынан балалардың жеткіліксіз тамақтануын, түрлі ауру мен балалар өлімінің қаупін айтарлықтай арттырды», — деп мәлімдеді.

















